Сопы тауықтарға дін жайында дәріс оқиды
Сопы тауықтарға дін жайында дәріс оқиды
9 жыл бұрын 4082

Дамаскінің пәтуа басқармасының білікті ғұламаларының бірі әрі нақшбандық тариқаттың шейхы доктор Ражаб Диб қолы қалт еткенде тауықтарға дін жайында дәріс оқитынын жайып салды. «Мен тауықтарға дәріс оқимын, - деді ол мешіт мінберінен. – Егер мені сол сәтте көрген адам мені есуас деп ойлайтын шығар!» Содан соң ол қанатты аудиторияда қалай дәріс оқитынын жеткізді. «Мен тауықтарға жем шашып, сабаққа кірісемін. Алла  куә, о бауырларым, тауықтардың бірде-біреуі дән шоқымайды. Бәрі мені тыңдайды – басынан аяғына дейін. Дәріс аяқталған кезде дән шоқуға кіріседі». Оның айтуынша, олардың арасында да телі мен тентектер болады екен. «Бірде,- деп сөзін жалғады ол. – тауықтардың бірі дәріс кезінде дән шоқи бастап еді, әтеш қо-қо-қо! деп қоқиланып, саған қазір көрсетемін дегендей болды. Мен оның әрекетін солай ұқтым. Дәріс аяқталған соң әтеш әлгі тауықпен оңаша кетіп, енді бұлай істеуші болма дегендей оны қанға боялғанша шоқып тастады!» «Алланың атымен ант етемін, келесі күні тауықтардың барлығы қаққан қазықтай қыбыр етпеді. Әтеш оларды тәрбиеледі. Тауықтар оған құлақ асады ма? Иә, Алланың атымен ант етемін!».

0 пікір
Мұрағат