Газа тұрғындарына ауруға болмайды
|
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жуырда жарық көрген есебіне қарағанда Газа секторының тұрғындары медициналық көмек алуда көптеген қиындықтарға тап болып, түрлі шектеулермен бетпе-бет келіп отыр. Бұл жайында Aljazeera ақпарат көзі хабар таратты. Мысырмен арадағы шекарадағы «Рафаһ» өткізу-бақылау бекетінің жабылуына байланысты Израил басқыншылығынан жапа шегіп жатқан Газа секторы тұрғындары арнайы ем қабылдау мүмкіндігінен айырылған. Әсіресе, бұл созылмалы сырқаты барларға қиын тиюде. Дәрі-дәрмектің тапшылығы мен электр энергиясының жиі берілмеуі олардың өміріне қауіп төндіруде. «Мен ерте таңнан қара кешке дейін тізе бүкпеймін. Сусамырдан өзімді ылғи әлсіз сезініп, шаршап жүремін. Кейде көзім түк көрмейді, ұдайы ашығып тұрамын»,- деп мұңын шақты 57 жастағы 4 баланың анасы Айша Әбуржела. Өткен жылдың жазында болған Израилдіктердің «Мызғымайтын жартас» деп аталатын Газа секторындағы әскери жорығы кезінде өзінің 1-ші типтегі суусамыр дертіне шалдыққанын білген 22 жастағы Ибрагим Арджела содан бері инсулин қабылдайтын болған. Ал оны тоңазытқышта сақтамасаң дәрінің тиімділігі кемиді. «Күн сайын 9 сағат бойы электр қуатын ажыратып тастайды. Әсіресе, күн ысыған кезде дәріні қайда қоярымды білмей басым қатады»,- деді ол.
2014 жыл – палестиналықтар ең көп қырылған жыл болды
Біріккен Ұлттар Ұйымының баяндамасында айтылғандай, Израил басқыншылығы басталған сонау 1967 жылдан бері есептегенде, яғни, Израил тарапынан қарудың күшімен жаулап алу саясаты жүргізілген өзге жылдарға қарағанда палестиналықтар өткен жылдың жазындағы «Мызғымайтын жартас» деп аталатын Израилдің әскери жорығы ең көп қырылыпты. Аталмыш бүкіл әлемдік іргелі ұйымның гуманитарлық мәселелерді үйлестірумен шұғылданатын басқарманың баяндамасында басқыншылық мақсатта жүргізілген осы әскери операция кезінде Газа секторында 2220-дан аса палестиналық азамат қаза тапқан. Олардың дені – азаматтық тұлғалар, яғни, бейбіт тұрғындар: 1492 адам опат болған. Ал израилдік басқыншылар оғынан көктей солған балалар саны – 513. Салыстыру үшін айта кетсек, 1967 жылы алты күнге созылған соғыста 71 израилдік қаза тапқан, олардың 66-сы – сарбаздар.