Соғыстан ес жия алмай жатқан ел теледидар шығара бастады
Соғыстан ес жия алмай жатқан ел теледидар шығара бастады
6 жыл бұрын 5895 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тұтас бір елдің түгін қалмай жалмаған соғыс өртінің түтіні сейілмей жатып, Сирияда, сенесіз бе, әлі күнге бейбіт өмір сүрген біздің ел үшін арман күйінде қалған теледидар жасайтын зауытты қалпына келтіріп, өз жұмысын бастап кетті. Syrian Arab Electronic Industries Company мемлекеттік корпорация құрамына кіретін кәсіпорынның құрастыру цехының жеткшісі Мұхаммед әл-Шейх жоспар бойынша әзірге бір жылда 10 мыңға дейін теледидар жасап, нарыққа шығаруды көздеп отырғандарын жеткізді. Кейін жылына 30-40 мың теледидар шығаруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, аталған кәсіпорын тек теледидар шығарып қана қоймай, сонымен қатар, тоңазытқыш, желдеткіш те шығарады. Бұл зауыт 1960 жылы ашылған болатын әрі Таяу Шығыстағы Syronics деп аталатын өз маркасы бар теледидар шығаратын алғашқы зауыт болған.  Сириялық бұл техникалық өнімнің орташа бағасы шамамен 600 доллар. Қосалқы бөлшектер Оңтүстік Кореядан, қытайдан және Малайзиядан алдырылады. Қалғаны өздері өндірген техникадан жасалады. 

0 пікір
Мұрағат