Соғысқа дейінгі Сирия халқының бейбіт өмірі қандай еді?
Соғысқа дейінгі Сирия халқының бейбіт өмірі қандай еді?
8 жыл бұрын 3940 e-islam.kz

Біздер, монитордың бергі жағындағы жұрт, әр күні дерлік Сириядағы үрейге толы соғыстың фото-видеоларын көреміз. Мұның бәрі де Шам еліндегі төрт жылға созылған қарулы қақтығыстардың нәтижесі. Бомба түсіп, қираған үйлер, үйінділерге толы көшелер, дымы қалмаған инфрақұрылым. Бүгінде ел аумағының басым бөлігін «ИШИМ» экстремистік тобы басып алған.

Шынына келгенде, мұнда осыдан бірнеше жыл бұрын ғана фундаментализмнің ізі де жоқ болатын. Сирия – әлемге есігі ашық, тыныштық пен ырыс-берекеде дамып келе жатқан зайырлы мемлекет еді. Ондағы көне сәулет ескерткіштеріне жарылғыш зат қойып, қиратып, жоқ қылу  ешкімнің де ойына келмейтін.

Міне, сондықтан да сіздерге XXI ғасыр басындағы соғыстан мүлдем бейхабар Сирияның өмірін таныстырмақпыз. 

2007 жыл. Жер бетіндегі ең көне қалалардың бірі Дамаск аспанындағы әуе шары. Бұл әуе көлігі кезінде Сирия астанасының ғажайып келбетіне сүйсіне қарау үшін ұшырылса, бүгінде артиллериялық қарулардың орнын реттеу үшін пайдаланылса керек.

 

2006 жылдың тамызы. Сирияның бас қаласындағы халқы құжынаған базар.

 

2008 жылдың тамызы. Сирияның солтүстік-шығысындағы шопан.

 

2000 жылдар. Сук әл Хамидия базары. Дамасктің көнеден келе жатқан ірі базары

 

2008 жылдың қазан айы. Алеппо ансамблінің дервиш-бишісі Дамаскте өнер көрсетіп жатыр.

 

2006 жылдың наурыз айы. Аллеппоның тарихи орталығында орналасқан базардағы кілем тоқу өндірісі.

 

2000 жылдар. Омеядо мешіті. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандар осы киелі орынға келуге ұмтылған.

 

2003 жыл. Сириялық аспаздар Алепподағы стадионда салмағы төрт тонна болатын, марципан мен фисташка қосылған торт әзірлеп жатыр. Сириялықтар осылайша сол кезде ауданы 200 шаршы метрлік торт пісіріп,  Нидерландының рекордын жаңартқан болатын.

 

Ары қарай 2000 жылдар. Әкесі баласын жергілікті би мәнеріне үйретіп жатыр.

 

Христиандар мен мұсылмандар аралас қоныстанған Маалула  қаласы. Маалуладағы үйдің шатыры. Христиан отбасының бос уақытын өткізуі.

 

Дамаск. Ид әл-Фитр мейрамындағы балалар. (Ораза айт)

 

Дамаск базарындағы кездесу.

 

Үйдің балконынан  көне Алеппо қамалына қарағандағы көрініс. Бүгінде осы цитаделде Үкімет әскерлері жайғасқан. Айналасындағы аудандарда позициялық ұрыстар жүріп жатыр. Мына фотосурет түсірілген үй қазір қиратылған шығар.

 

Сириялық кулинария академиясының өкілдері Алепподағы мейрамханалардың бірінде түстеніп отыр. Оны «гастрономия інжу-маржаны» деп атайды.

 

Алеппо базарларының бірі. Халеб (Алеппо) – ұзақ жылдар бойына Таяу Шығыстағы ең ірі сауда орталықтарының бірі болған. Қаланы «жиһадшылар» басып алғанға дейін мұнда базарлардың көп болғаны осының айқын дәлелі.

 

Сириялық бәдауилер

 

Дамаск орталығындағы әткеншек тепкен балалар

 

Алепподағы базарлардың бірінде наубайшылар бір-бірімен әзілдесуде. Ол кезде  алдағы уақытта қала көшелерінде қаскөйлер тобы қаруларды адамдарға кезенеді, деп ешкім де ойламады.

 

Көне Пальмира – Сириядағы көптеген туристік нысандардың бірі.  Қазір мұнда  «ИШИМ» экстремистік тобының сойдауылдары иелік етеді. Олар мәдени ескерткіштерді өз қалауынша жойып жатыр.

 

Алепподағы саудагерлер. Өткен онжылдықтан айырмашылығы, қазір қаладағы ең өтімді тауар – қару мен оқ-дәрілер.

 

Бұрын Сирияда шетелдік туристерді кездестіруге болатын. Енді қазір Сириядан шетелдік көрсеңіз, ол – не әскери тілші, не әскери кеңесші, не дүниенің түкпір-түкпірінен «жиһад үшін» келген «баскесерлер» болып шығады.

Szhnews.kz сайтынан алынды

0 пікір
Мұрағат