Тілсіз жау: Қытайда тау көшкіні көпқабатты тұрғын үйді басып қалды (видeо)
Тілсіз жау: Қытайда тау көшкіні көпқабатты тұрғын үйді басып қалды (видeо)
8 жыл бұрын 3769

Қытайдың Хунляң ауылында тау көшіп, салдарынан көпқабатты тұрғын үй құлап қалды. Бұл туралы news.china.com ақпараттық сайты хабарлады. Бүгін түсте Хунляң ауылы іргесінен қатты дауыс шығып, іле-шала ауыл іргесінде тұрған тұрғын үй ғимаратын тау көшкіні басып қалған. Қазір оқиға орнында 30 құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Үйіндінің астында қалып қойғандар болуы мүмкін, әзірге жарақат алғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

 

 

Автор: Н.Бекенов

Австралияның оңтүстік-шығысындағы орман өрті қаладағы үйлерге жетті (видeо)

Австралияның оңтүстік-шығысындағы Виктория штатында орман өртінің беті қайтар емес. Тілсіз жаудан Балларат қаласы аса қатты зардап шегуде. Мұнда қызыл жалын 8 үйді күлге айналдырған. Абырой болғанда, тұрғындар жапа шеккен жоқ. Жалпы штатта бас-аяғы 300-ге тарта өрт ошағы тіркелген. Отты сөндіруде құрғақ ауа райы мен жел айтарлықтай қиындық тудырып отыр. Ал синоптиктер алдағы күндері де күн ыстық болады деген болжамдар айтуда. Шелли Лав, жергілікті тұрғын: - От біздің үйімізге 10 метр қашықтыққа дейін жетті. Қатты қорыққаным рас. Алайда абыржымай, бәріміз жұмылып, өртті сөндіруге кірістік.

 

Испанияның солтүстігінде бір түнде 150 орман өрті тіркелді (видeо) 

Салдарынан жақын маңайда орналасқан 5 елді мекеннің тұрғындары шұғыл түрде эвакуацияланды. Отты ауыздықтауға 230 өрт сөндіруші, Азаматтық гвардия мен Азаматтық қорғаныс қызметкерлері жұмылдырылған. Алайда өңірде күшті жел тұрып, олардың жұмысына кедергі келтіруде. Жергілікті биліктің от қасақана қойылды деген күдігі бар.

 

 

0 пікір
Мұрағат