Адамзат таза әрі шексіз энергия алуға бір табан жақындады
Адамзат таза әрі шексіз энергия алуға бір табан жақындады
2 ай бұрын 659 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адамзат таза және шексіз энергияға бір қадам жақындап, француздық WEST токамакта плазмалық жылыту бойынша жаңа рекорд орнады. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Естеріңізде болса, осыдан бір ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында Оңтүстік Кореядағы KSTAR термоядролық реакторда Цельсия бойынша 100 000 000 градуста плазманы бақандай 48 секунд бойы ұстап, рекорд жаңартқанын жазғанбыз (қараңыз: https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-kun-tanqalarlyq-rekord-ornatty-video-20068/#gsc.tab=0). Бұл жолы WEST токамактың қазіргі жетістігі температурадан төмен - бар болғаны Цельсия бойынша 50 000 000 градус, алайда, ол плазманы 6 минутқа дейін сақтай алды. Осы уақыт ішінде қондырғы 1,15 гигаджоул немесе шамамен сағатына 320 кВт энергия өндірді. Түсінікті тілмен айтқанда, бұл шама үш адамнан тұратын отбасының айына тұтынатын энергия мөлшеріне тең.Осылайша алғаш рет секундтан ұзап, минуттық жетістікке жеткен. Келесі мақсат - өте ыстық плазманы бірнеше сағат бойы ұстау. Бұл маңызды жоба, өйткені, термоядролық энергия қазіргі кез келген энергиядан әлдақайда әлеуетті әрі таза. Ол қазба эквиваленттерінен бір келі отынға шаққанда 4 миллион есе көп энергия өндіре алады. Сонымен қатар, синтездік реакторлар атмосфераны көміртегі немесе радиоактивті изотоптармен ластамайды. Айта кетейік, WEST токамак термоядролық синтезді зерттеу үшін құрылған тәжірибелік қондырғы. Ол болашақта ешқашан электр станциясы ретінде пайдаланылмайды. Жердегі термоядролық синтез реактордағы плазма температурасы кем дегенде Целсия бойынша 50 000 000 градус болған жағдайда ғана мүмкін болатынын айта кетпекпіз. Осыған байланысты қолданыстағы реакторлар өте тұрақсыз (олар ұзақ жұмыс істемейді) және өздері өндіретіннен көп энергияны тұтынады.

0 пікір
Мұрағат