|
Сириядағы азаптау фактісінен қанша адам қаза тапты?
|
Соғыс басталған кезден 2017 жылдың қыркүйек айында дейін бұл елде азаптаудан 104 мың адам бақилық болған. Бұл жайында сириялық құқық қорғаушылар желісінің (SNHR) есебінде айтылған. Құқық қорғаушылардың дерегіне қарағанда, соғыс өрті тұтанған 2011 жылдың наурыз айынан осы уақытқа дейін азаптаудан көз жұмғандардың арасында 13 мың бала мен 57 мың әйел болған. Айта кетейік, аталған уақыт аралығында Сирияда 106 727 адам тұтқындалған, олардың 90,15 пайызы, яғни, 85 036 адам мүлде хабар-ошарсыз кеткен. Тағы бір айта кететіні, Сириядағы соғыстан Біріккен Ұлттар ұйымының келтірген мәліметі бойынша 400 мыңнан аса адам опат болған, 10 млн-нан аса сириялық бас сауғалап босып кеткен. 4,8 млн босқын Сирия аумағынан тысқары жерге кеткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия жұмыс істеуге рұқсат беру ережесін өзгерте отырып, бизнес пен шетелдік жұмысшыларға жаңа визалық шектеулер енгізеді
■
Жасанды зердемен жабдықталған бақылау камерасынан қорғайтын түрлі түсті көйлек тігілді
■
Ислам тарихының цифрлы атласы жасалды
■
Мұсылман елі шетелдік студенттерден жылына 5 млрд доллар пайда көріп отыр
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр