Сим-картаны өзгеге бергенің үшін үш жылға дейін бас бостандығыңнан айырыласың. Қылмыстық кодекске түзету енгізілді
Сим-картаны өзгеге бергенің үшін үш жылға дейін бас бостандығыңнан айырыласың. Қылмыстық кодекске түзету енгізілді
5 жыл бұрын 2155 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тәжікстанда сим-картаңды өзге біреуге бергенің үшін үш жылға дейін бас бостандығыңнан айыру жазасы көзделген, аталмыш ел президенті Емомали Рахмонов 2019 ылдың маусым айының 20-ы күні қолын қойған қылмыстық кодекске енгізілген түзету қолданысқа енді. Бұл жайында ресейлік regnum.ru ақпарат көзі хабар таратты. Бұл арада террористік топ пайдаланған сим-картаны заңсыз сату немесе беруге қатысты қозғалатын қылмыстық жауапкершілік турасында сөз болып отыр. «Электрлік байланыс желісіне заңсыз қосылу немесе террористік я болмаса экстермистік сипаттағы қылмысты жүзеге асыруда қолданылған сим-картаны үшінші біреуге табыс ету 800-ден 1,5 мың есеп айырысу көрсеткіші (44 мыңнан – 82,5 мың сомонға немесе 4,5 мың доллардан 8,5 мың долларға дейін) мөлшерінде айыппұлмен немесе екі ылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады»,- деп айтылған Тәжікстан қылмыстық кодексінің 341 бабының екінші тармағында. Бұдан бөлек, сим-карта лаңкестермен еш қатысы болмаған күннің өзінде электрлік байланысқа қосылу талабын бұзғаны үшін де жаза қарастырылған – 600-ден 800 есеп айырысу көрсеткіші (33 мыңнан 44 мың сомонға немесе 3,4 мың доллардан 4,5 мың долларға дейін) мөлшерде айыппұл салынады немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

0 пікір
Мұрағат