Жеке басты куәландыратын төлқұжат, жүргізуші куәлігі, банк есеп-шоты, т.б. біріктіріліп, бір құжатқа айналдырылуы мүмкін
Жеке басты куәландыратын төлқұжат, жүргізуші куәлігі, банк есеп-шоты, т.б. біріктіріліп, бір құжатқа айналдырылуы мүмкін
5 жыл бұрын 2116 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның ішкі істер министрлігі Бірыңғай, көп функциялы жеке басы куәлігін енгізуді ұсынды. Бұл жайында үнділердің «Джагран» ақпарат көзі хабар таратты. Аталған елдің ІІМ басшысы Амит Шаһ бұл жаңа бастама бойынша адамның жеке басын куәландыратын төлқұжат, жүргізуші куәлігі, банктік есеп-шоты, т.б. деректер бір құжатта топтастырылатынын жеткізді. Аталмыш жоба ел тұрғындарының мәліметтер базасының жасалу процесін автоматтандыруға мүмкіндік бермек. Осылайша үнді азаматтарының мәліметтері 2021 жылға оспарланып отырған цифрлы халық санағын барысында бір жерге жинақталмақ. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Үндістанда 2021 жылы өтетін халық санағы мобилді қосымша арқылы жүзеге асырылады. Бұл бастама өз кезегінде үнді бюджетін 120 млрд рупиге (шамамен 1,68 млрд долларға) ортайтып кетейін деп тұр.

0 пікір
Мұрағат