Шөлдегі апаттың сұмдығы: шөлден қаталау, өлімге мойынсұну... махаббат (видео)
Шөлдегі апаттың сұмдығы: шөлден қаталау, өлімге мойынсұну... махаббат (видео)
3 жыл бұрын 6826 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Либия мен Судан шекарасында шөл мен аштықтан 8 адам опат болған және құм басқан шөлде 13 адам із-түссіз кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Олар отырған Toyota Sequoia автокөліктің қозғалтқышы істен шыққан. Бірнеше отбасы аталған автокөлік құралымен жолға шыққанымен оазис қала саналатын Куфраға 400 шақырым жетпей тоқтауға мәжбүр болған. Либиялық полицияның тергеу материалдарына сәйкес туыстар Судандағы әл-Фашир қаласынан шыққан. Өткен жылдың тамыз айында. Марқұмдар мигранттардың транзиттік дәлізі саналатын Куфраға бет алған. Автокөліктен бес ер адам мен үш әйелдің мүрдесі табылған. Қалған жолаушылар, соның ішінде балалар із-түссіз жоғалған. Автокөліктің өзі өткен аптаның бас кезінде табылған, яғни, олардың жолға шыққанына аттай алты айдан кейін табылған. Қаза тапқандардың бірі өзінің бауырларына өсиет хат қалдырған екен: «Мен сіздерді Аллаға аманаттадым, мені анамды сіздерге жеткізе алмағаным үшін кешірім сұраймын. Мен сендерді жақсы көремін. Бізді жерлеп, біз үшін Құран оқыңыздар». 

0 пікір
Мұрағат