|
Бір ғана елдің шетелдегі мигранттары бір жылда отанына 33 млрд доллар аударған
|
Әлемнің әр түкпірінде табанақы, маңдай терімен нәпақасын тауып жүрген филиппиндік еңбек мигранттарының отанына аударған ақшасы өткен жылы 33,1 млрд долларға жеткен. Алайда, бұл көрсеткіш 2019 жылғымен салыстырғанда 0,8%-ға кем. Филиппин орталық банкінің келтірген дерегі осындай. Бұл жайында islam.kz порталы индонезиялық Antara ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Филиппиннің бас қаржы мекемесінің мәліметі бойынша жеке тұлғалардың аударған ақшасы елдегі шетелдік валютаның негізгі көзіне айналған: 2020 жылы жалпы ішкі өнімге шаққанда 9,2%-ды, яғни, ұлттық табыстың 8,5%-ды құраған. Филиппин билігінің мағлұматына сәйкес 12 млн-ға тарта филиппиндік шетелде жұмыс істеп, отбасын асырап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)