Шариғи қазылық ажырасудың алдын алады
Шариғи қазылық ажырасудың алдын алады
9 жыл бұрын 2845

Сингапурдың мұсылман жамағаты елде ажырасу көрсеткішінің артып келе жатқанына қарамастан өз арасында мұндай жат құбылысқа түбегейлі болмаса да тосқауыл қоя білді. Елдегі наным-сенімі өзге тұрғындар мен атеистерге қарағанда сингапурлық мұсылмандардың шаңырағы биік, керегесі кең. Олар мұндай жетістікке қалай қол жеткізді? Шариғи үкімдерді басшылыққа алды, психологиялық және рухани кеңес берілді. Бұл жайында OnIslam.net ақпарат көзі хабар таратты. Сингапурдың әлеуметтік даму министрлігінің соңғы ресми мәліметіне қарағанда, 2003-2008 жылдар аралығында мұсылман ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу көрсеткіші 14 пайыздан 11,4 пайызға дейін азайған. Сингапурдың ислами кеңесі мұсылман отбасыларындағы кикілжіңдерді шешіп қана қоймай, үйленгісі келетін жастарға арнайы курс өткізуге бел буып отыр.  

0 пікір
Мұрағат