|
Шариғат шәлісімен төлқұжатқа суретке түсуге тыйым салынды
|
Украинаның мемлекеттік көші-қон қызметі төлқұжат үшін кез келген бас киіммен, соның ішінде, шариғат шәлісін жамылып суретке түсуге тыйым салды. Бұл жайында аталған қызметтің жетекшісі Сергей Гунько мәлім етті. news.i.ua ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, 1994 жылы Украинада қабылданған мемлекеттік талапқа сай осындай тыйым салынып отыр. Киев қаласындағы Қырым автономиялық республикасының мұсылмандар діни басқармасының мүфтиі Айдар Рүстемовтың айтуынша, шариғат шәлісін жамылып түскен суретімен төлқұжат рәсімдемеген жағдайда өздерінің заңгеріне шағымдануға кеңес беріп отыр. Жергілікті мұсылмандар бұл тыйымның күшін жою үшін күресетіндерін мәлімдеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды