Саңырау жігіт үшін көше тұрғындары жаппай ым-ишаратпен сөйлеуді үйренді (видео)
Саңырау жігіт үшін көше тұрғындары жаппай ым-ишаратпен сөйлеуді үйренді (видео)
9 жыл бұрын 4185

Ыстамбұл шаһарының тұтас бір ауданының тұрғындары Түркиядағы Samsung фирмасының бөлімшесінің жәрдемімен Мұхаррем есімді құлағы естімейтін жас жігіт үшін тосын сый ұйымдастырды. Нақтырақ айтқанда, Мұхаррем қарындасы Өзленмен бірге көшеге шыққанда көршілерінің бірі онымен ым арқылы амандасады. Бұл өз кезегінде жас жігітті қайран қалдырады. Ағалы-қарындас екеуі сол маңдағы нан дүкеніне кірмей ме, сатушы да жас жігітпен ым арқылы амандасады. Мұндай жағдай көкөніс дүкенінде де, такси ұстағанда да қайталанған. Бұған толқып-тебіренген жас жігіт көз жасына ие бола алмай қалған. Оның әр қимылын оператор жас жігітке білдірмей видеокамераға түсіріп, таспаға тартып алған еді. Артынан белгілі болғандай, аталмыш фирманың көмегімен жергілікті тұрғындар бір ай бойы ыммен тілдесудің қыр-сырын үйреніп шыққан. Бұл жайында The Telegraph ақпарат көзі хабар таратты. Тіпті, осынау әлеуметтік, ең бастысы, адамгершілікке тұнып тұрған бұл жайтты жазып жүрген ағылшын тілді тілшілердің өзі көз жастарына ие бола алмаған екен. 

1 пікір
  • Өзгенің жанын түсінгің келсе яки сезінгің келсе өзіңді өзгенің орына қой дегенің осы болса керек.
    9 жыл бұрын
Мұрағат