|
Сахадан табылған біртүрлі мамонт
|
Саханың Новосібір архипелагының Ляхов аралын кезген экспедиция жетекшісі Семен Лазарев етінен қызылы қашпаған зіл (мамонт) тауып алғандарын жария етті. Ғалымдар мамонттың тісін санап, олардың шамамен 50-60 жыл тіршілік еткенін анықтады. Оның денесінің бұзылмай сақталуына мұз шомбалы әсер еткен. Тундраның қақ ортасынан табылған мамонттың тіпті денесінен ажыраған бөліктері де, Цельсия бойынша 7-10 градсута қатпаған қан іздері де ғалымдарды қайран қалдырып отыр. Ғалымдардың айтуынша, қанның бұл ерекшелігі оның криопротекторлық құрамына байланысты болуы мүмкін. Десе де, әлі де зерттей түсуді қажет етеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды