|
Радикалды буддашылар шариғат шәлісі мен құрбан айтқа тыйым салғысы келеді
|
Мьянмада жуырда 1300-ден аса монах қатысқан жиын өтті. Жиында адам құқығына қайшы келетін, осы елдегі азшылықты құрайтын мұсылмандарға қарсы қарар қабылданды. Бұл құжатта будда радикалдары ел билігінен мектеп оқушыларына шариғат шәлісін жамылып жүруге және жазықсыз малдың обалына қалады деген желеумен Құрбан айтқа тыйым салуды талап еткен. Бұл жайында The Guardian ақпарат көзі хабар таратты. Сондай-ақ, жиынға қатысқан монахтар ел тұрғындарына қандай да бір сайлау науқанында будда наным-сеніміне қарсы келмейтін кандидаттарға ғана дауыс беруге үндеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қарапайым киім индустриясы биыл жаңа белесті бағындырады
■
Индонезия әлемдік халал нарығындағы 2,6 миллиард доллар құрайтын үлесін ұлғайтуға ұмтылады
■
Араб елі келесі жылдан бастап импортталатын халал тауарларды бір шартпен қабылдамайды...
■
65 жастан асқан жүргізушілер екі жыл сайын медициналық тексеруден өтуі керек. Көлікті сатып жіберсеңіз де, айыппұл келе беретін болса не істеу керек
■
Халал сертификаттаудағы негізгі қиындықтар айтылды