Азия елі қаңыраған үйлер қиындығымен бетпе-бет келді
Азия елі қаңыраған үйлер қиындығымен бетпе-бет келді
3 сағат бұрын 148 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қаңыраған үйлердің көбеюі күншығыс елінің әлеуметтік дағдарысына айналды. Бұл жайында islam.kz порталы Тне Мainichi мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2023 жылдың қыркүйек айындағы дерек бойынша күллі арал мемлекет аумағында қаңыраған үйлер саны 9 млн-ға жеткен, бұл көрсеткіш 1993 жылы анықталған 4,48 миллион үй санымен салыстырғанда екі еседен асқан. Қаңыраған үйлер барлық тұрғын үйдің санына шаққанда 13,8% -ын құрады. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Nomura Research Institute Ltd. Болжамынша, мұндай үйлер саны 2043 жылы 25,3% -ға дейін өседі. «Бұл құбылыс табиғи түрде халықтың қартаюынан және нуклеарлық отбасы санының өсуінен болады», - деді округ ғимаратының қауіпсіздік бөліміндегі иесіз үйлер және тозып бара жатқан ғимараттар мәселелері жөніндегі іс-шаралар бөлімінің жетекшісі Таеко Шиба. Округ бос тұрған үйлер мен олар алып жатқан жерлерді «айналымға» қайтаруға талпыныс білдіріп отыр. 2021 жылы компания «Setagaya vacant home utilization navi» сервисін іске қосу үшін жеке компаниямен серіктестік орнатты. Бес жыл ішінде қызмет бос тұрған үйлерді не істеу керектігі туралы қиындықтарға тап болған адамдардан 400-ге жуық сауал алды. Ол жөндеу және бұзу сияқты шешімдерді ұсынды, иелерін мердігерлермен байланыстырып, 100-ге жуық келісім жасасуға көмектесті. Қаңыраған үйлер санының өсу факторларының біріне ел билігі мүлік салығы жүйесіндегі артықшылықты жатқызып отыр. Егер үй бұзылып, жер телімі бос қалса, артықшылықтан айырылады. Жапон үкіметі 2015 жылы бос тұрған үйлерге қарсы арнайы шаралар туралы жаңа заңды қолданысқа енгізді. Муниципалитеттер құлау қаупі төнген бос үйлерді белгілі бір санатқа жатқызады. Егер ондай үй жөндеуден өтпесе немесе қайта салынбаса, салықтық жеңілдіктер алынып тасталуы мүмкін, ал жергілікті билік органдары әкімшілік шаралар арқылы ғимараттарды бұзуы мүмкін. Шілде айында Осака префектурасына қарайтын Нейагаба қаласы бос тұрған нысандарды салық салу арқылы үй иелерін жылжымайтын мүлкін сатуға ынталандыруға бағытталған «бос тұрған тұрғын үй салығы туралы қаулы» қабылдады. Қала билігі бұл салықты 2029 жылы енгізуді жоспарлап отыр. 

0 пікір
Мұрағат