|
Құрбан айтта түйе союға тыйым салынды
|
Сауд Арабия үкіметі алдағы құрбан айт мейрамында түйе союға тыйым салу мәселесін қарастыруда. Себебі, қазіргі таңда елдегі көптеген түйелерде «МЕРС-CoV» атты вирус бар болуы ықтимал тудыруда, деп жазады arabnews ақпарат орталығы.
Елге зиярат етіп келген қажылардың денсаулығын сақтау мақсатында бүгінде түйе союға бірқатар мемлекеттік ұйымдар тыйым салып үлгерді. Бұл өз кезегінде елдің денсаулық сақтау министрлігі жуырда 3 адамның «МЕРС-CoV» вирусына шалдығып қайтыс болғанын хабарлағаннан кейін қолға алынған жағдай.
Қазіргі таңда ел билігі түйенің сойылуына ресми түрде тыйым салу мәселесін қарастыру үстінде.
Атап кетсек, бұл жануардың 90 пайызға жуығы «МЕРС-CoV» вирусына шалдыққаны анықталып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды
■
Климат дағдарысы тағы бір пұт пен пұтқа табынушылардың пайда болуына ықпал етіп отыр
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі