«Қой» үшін қастасқан туыстар 15 жылдан кейін татуласты
«Қой» үшін қастасқан туыстар 15 жылдан кейін татуласты
9 жыл бұрын 3273

Жақындап қалған қасиетті Рамазан айының қарсаңында татуластыру комиссиясы ауыз толтырып айтатындай үлкен іс тындырды. Нақтырақ айтқанда, Ингушетияда 15 жылдан аса уақыт бір-біріне кек сақтап, қастасып келген туыстарды татуластырды. Тарқатып айтар болсақ, 1999 жылы Сужен ауданының Орджоникидзе елді-мекенінде тұрмыстық жанжал орын алып, арты кісі өліміне ұласқан болатын. Руслан Мейриев және Беслан Героев сол кездегі бір қойдың құнына тең 3 мың рубль үшін жаға жыртысып қалады. Оның арты төбелеске ұласып, нәтижесінде пышақпен жарақатталған Беслан Героев қаза тапқан болатын. «Кавказ торабы» ақпарат көзінің хабарына қарағанда, қаза тапқан жігіттің баласы әкесінің қанын мойнына жүктеген туысын кешіріп, татуласу үшін алдымен өзі ұсыныс білдірген екен. Үстіміздегі жылдың мамыр айының 24-і күні жергілікті мешітте өткен татуласу рәсіміне 150-ге жуық адам куә болған. Ингушетияда татуластыру комиссиясы 1999 жылы құрылған болатын. Осы уақыт аралығында осы елдегі барлық ұлттың өкілдері кірген аталмыш комиссия көріспейтіндей болып кеткен, бір-бірімен араз жүздеген отбасын татуластырып үлгерген екен.

1 пікір
Мұрағат