Қиын жасөспірімдерге арналған ұмра жобасы жүзеге асырыла бастады
Қиын жасөспірімдерге арналған ұмра жобасы жүзеге асырыла бастады
9 жыл бұрын 3370

Түркияның дін істері жөніндегі министрлігі өзгеше бастама көтеріп, мінезі шәлкем-шалыс, жалпыға ортақ тәртіпке бағына бермейтін, есірткі мен ішімдіктен емдеу және білім алу орталығында арнайы курстан өткен 40 жасөспірімді кіші қажылыққа аттандырмақ. Аталмыш құзырлы орынның жетекшісі Мехмет Гөрмез оларға ақжол тілеп, батасын берді. «Сіздер жаңа өмір бастау үшін қасиетті сапарға аттанып барасыздар. Осылайша өмірлеріңіздің жаңа парағын ашасыздар. Бұл қандай жақсы мүмкіндік еді», - деді ол тебірене сөйлеп. Оның айтуынша, «ұмра» араб сөзі «өмір» сөзімен төркіндес. Бұл қадамды «жаңа өмірдің басы» деп түсінсе де артық емес. Ұмра адамның рухани толысып, кемелденуіне жол ашады. Ол жасөспірімдердің мұндай өзгерісті қасиетті Қағбаны тәу еткенде байқайтынына сенімді. Бұл қасиетті сапардың, сонымен қатар, адамның өз ішкі әлеміне саяхаттауына, өмірдің мәнін түсінуіне мүмкіндік беретінін де жеткізді. Жасөспірімдер ұмра қажылығында он күн болады: мамыр айының 25-нен маусым айының 5-не дейін.

1 пікір
Мұрағат