Қай елде мұсылман әйелдеріне жиі шабуыл жасалады?
Қай елде мұсылман әйелдеріне жиі шабуыл жасалады?
9 жыл бұрын 2978

Еуропа бойынша мұсылман әйелдеріне жиі шабуыл жасалатын елді атағанда ең алдымен ауызға Ұлыбритания түседі. Мұсылман әйелдерге деген өшпенділік соңғы кезде өршіп кеткені сондай, мұсылмандарға қарсы оқиғаларды бағалайтын ұлттық жоба мамандары келтірген статисткалық мәлімет көп жағдаяттан хабар береді. Бұл жайында Islam-today ақпарат көзі хабар таратты. Нақты санмен өрнектегенде, Ұлыбританияда мұсылман әйелдеріне шабуыл жасау оқиғалары соңғы екі жылдың ішінде 10 пайызға артқан екен. TELL MAMA порталының директоры Фияс Магалдың айтуынша, астарында діни әрі нәсілдік себептер жатқан мұндай ислмофобиялық жат құбылыстан туындайтын қылмыстардың қатары соңғы 18 айдың ішінде орташа есеппен алғанда 5-10 пайызға өскен. Financial Times басылымы келтірген дерек бойынша Ұлыбританияда шамамен 2,7 млн мұсылман жамағаты тұрады екен.

0 пікір
Мұрағат