БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Палестина мемлекетін құруға қатысты қарарды қабылдамады
|
![БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Палестина мемлекетін құруға қатысты қарарды қабылдамады](https://static.islam.kz/uploads/images/tF7/4bj/b6ADDpXWTR5nNaDU-lg.jpg)
Біріккен Ұлттар Ұйымы, желтоқсан айының 31-і. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде Палестина мемлекетін құру мерзіміне және Израиль басқыншылығын тоқтатуға қатысты қарар қабылданбай қалды.
Естеріңізде болса, Палестина мемлекетін құру жөніндегі қарарды БҰҰ Бас Ассамблесяының құптағанын осыдан біраз күн бұрын хабарлаған едік.
Алайда, бұл құжат БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде өтпей қалды. Яғни, аталмыш құжат БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше 15 елдің кем дегенде тоғыз даусына иеленуі керек болатын. Бұған қоса, аталмыш құжаттың қабылдануына вето қоюға құқылы АҚШ үзілді-кесілді қарсы шықты. Сондай-ақ, Автсралия да қарсы дауыс берді. Десе де, осынау жобаны қолдаған елдердің қатарына Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Иордания бар. Ал Ұлыбритания, Литва, Нигерия, Корея Республикасы және Руанда қалыс қалды.
![Тәліптер барлық есірткі контрабандасының катапултын жойды](https://static.islam.kz/uploads/images/Dd0/Duv/bSoBoEr2t7Gapti6-sq.png)
![Қызылорда облысы алғаш рет Еуропаға қамыс экспорттай бастады](https://static.islam.kz/uploads/images/h2d/nzI/T53iY2X1cgLFNuwd-sq.png)
![Ұлыбритания Еуропада алғашқы болып жасанды етті тұтынуға рұқсат берді](https://static.islam.kz/uploads/images/fKK/LS5/waGJoFxnwiARaiAa-sq.jpg)
![Жаңартылатын энергия үлесі келесі жылы көмірден өндірілетін энергиядан асып түседі](https://static.islam.kz/uploads/images/TAK/r5x/7VWR6LgRDCDEidb4-sq.jpg)
![Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады](https://static.islam.kz/uploads/images/PE7/67h/g6xLiGschgQN4f9s-sq.jpg)