Палестинаны оқшаулаған дуал да құлайтын болады
Палестинаны оқшаулаған дуал да құлайтын болады
9 жыл бұрын 2581

Репрессиялық коммунистік режим тұрғызған Берлин дуалының құлатылғанына ширек ғасыр өткеннен кейін палестиналық белсенділер өздерін әлемнен оқшаулаған осындай тағы бір дуалды құлатуға кірісті. Бұл дуалды 2002 жылы израилдік баасқыншылар Құдыс пен Рамаллах арасында орын тепкен Бир Набала елді-мекенінде тұрғызғаан болатын. Иордан өзенінің батыс жағалауымен қиылысады. Палестиналық белсенділер Берлин дуалының құлатылғанына 25 жыл толуына орай әлем жұртшылығына осындай тағы бір дуалдың барын білдіру үшін қолдарына балға мен балта алып, Газа секторы халқының ауыр да азапты өміріне наразылық ретінде дуалда саңылау жасады. «Кедергі қаншалықты биік болғанының мәні жоқ, бәрібір құлайды»,- деді осы акцияны ұйымдастырушылардың бірі. Бұл жайында Aljazeera ақпарат көзі хаабар таратты. Израиль тарапы бұл дуалды палестиналықтардан қорғану мақсатында тұрғызғанын айтып, жақауратқанымен палестиналықтар басқаша ойлайды: израилдіктер Палестина халқына тиесілі жерді одан ары жаулау әрі олардың қол астына өтіп кеткен жерді біржола иемдену мақсатында тұрғызған.

0 пікір
Мұрағат