Өзен жекeменшекке берілді
Өзен жекeменшекке берілді
2 ай бұрын 384 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Канадалық экологтар ел заңнамасының осал тұсын пайдаланып, Квебек провинциясы аумағында ағып жатқан Мэгпай өзенін (суретте - ред.) тұлға ретінде ресми түрде тануға қол жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы montreal.ctvnews.ca ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған өзеннің бұл заңды мәртебесі жергілікті Мингани муниципалитет пен Инна жергілікті кеңес тарапынан арнайы шешіммен бекітілді. Бұдан былай аталған өзенді және оның ресурстарын бөгде тұлғалар пайдалана алмайды. Ендігі жерде аталған өзеннің өз құқығы мен бостандығы бар. Десе де аталған өзен жағалауында тұратын тұрғындар өзеннің ресми қамқоршысы ретінде танылады. Экологтар өзенді осылайша Hydro Quebec гидроэнергетикалық компаниядан қорғай алатын болды. Белсенділердің айтуынша, оларға мұндай ой жаңа зеландиялық әріптестерінің әрекетінен кейін келген: 2017 жылы жаңа зеландиялық белсенділер сот арқылы Вангануи өзенін тұлға ретінде тануға қол жеткізген болатын.

0 пікір
Мұрағат