Діни материал үшін қылмыстық жазаны алып тастайтын болды
Діни материал үшін қылмыстық жазаны алып тастайтын болды
3 жыл бұрын 1326 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбек билігі тыйым салынған діни материалды сақтағаны үшін қолданылатын қылмыстық жауапкершілікті жоятынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осыған байланысты Өзбекстан республикасының қылмыстық кодексіне тиісті өзгертулер енгізіледі. Бұл бастаманы аталған елдің бас прокуратурасының өзі көтерген болатын. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, діни материалдарды заңсыз дайындағаны, сақтағаны, тасымалдағаны немесе таратқаны үшін жаза қолданылмайды. Қылмыстық кодекстің жаңа бабында аталып өткендей, Өзбекстан аумағында тарату мақсатында заңсыз әзірлеу, сақтау үшін діни мазмұндағы материалдар әкімшілік жолмен өндіріп алынады, қайталанған жағдайда жүзден екі жүзге дейін базалық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады немесе үш жылға дейін түзету жұмыстарына жегіледі.

0 пікір
Мұрағат