Отанын басқыншылардан азат етуде шейіт кеткендердің жаңа туған балаларына банктен шот ашылады
Отанын басқыншылардан азат етуде шейіт кеткендердің жаңа туған балаларына банктен шот ашылады
4 жыл бұрын 2884 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әзірбайжандағы YAŞAT қоры Отан қорғау соғысында (тек Қарабақты басқыншылардан азат ету соғысындағы шейіт кеткендермен шектеліп қалмай, бұдан былай ел басына күн туғанда отанын қорғап, қаза тапқандардың жаңа туған балаларын да қамтитын жобаға айналуы мүмкін) шейіт болғандардың жаңа туған балаларына, яғни, Отан соғысынан кейін дүниеге келген балаларға банктен арнайы шот ашылатын жобаны жүзеге асыра бастады. Бұл жайында islam.kz порталы trend.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жоба аясында YAŞAT қоры Қарабақтағы соғыста шейіт болғандардың айы-күні жетіп босанған жесірлеріне 1000 манат мөлшерінде жәрдемақы тағайындады. Бұдан бөлек, шарананың атына банктен депозиттік шот ашылып, 5000 манат аударылады. Бұл қаражатқа ұдайы үстеме қосылып отырады. Бала он алты жасқа толған соң шоттағы жиналған қаржыны алады. Аталмыш қор өкілдері атап өткендей, банк пен жесір ана арасында бекітілген келісім-шарт талаптарына сәйкес ақшадан қысылған кезде жесір ана шоттағы қаражатты мерзімінен бұрын шешіп ала алады және шоттағы қаражатты кез келген валютаға айырбастау құқығына ие болады.

На имя каждого новорожденного ребенка шехида в Азербайджане будет открыт банковский счет (ФОТО)

Аталмыш жоба бойынша шейіт болған Сұмғайыт ттұрғыны Елдар Абдоллаевтың жаңа туған қызы – Ахудың анасына және  Гианжылық шейіт Елбина Мұстафаеваның жаңа туған қызы – Елбинаның анасына 1000 манаттан жәрдемақы табыс етіліп тұрған сәт

0 пікір
Мұрағат