Орта Азия елінде тауарлар мен қызметтерді “халал” белгісімен таңбалауға рұқст етілді
|

Өзбекстанда өткен жылдың (2024 ж.) мамыр айының 1-нен бері “Халал” стандартына сәйкес келетін өнімдерді өз бетінше сертификаттау жүйесі жұмыс істеп келеді. Шариғат талабына сай келетіні жөніндегі белгіні таңбалау ісі Ислам елдерінің стандарттар және метрология институтынынң нормаларына сәйкестігін тексеру нәтижесі бойынша жүзеге асырылады. Бұл жайында islam.kz порталы fintech-retail.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған республиканың сауда-өнеркәсіп палатасының мәліметінше, ел аумағында «Халал» стандарттары бойынша тауарлар мен қызметтерді сертификаттау процедураларын реттеумен және бақылаумен айналысатын арнайы орган құру жоспарланып отыр. Жаңа құрылым халықаралық талаптардың сақталуына және республикада халал өнімі индустриясының дамуына жауап береді.




