Мұсылман елі экономиканы әртараптандыру үшін өзгеше жобаны қолға алады
Мұсылман елі экономиканы әртараптандыру үшін өзгеше жобаны қолға алады
3 күн бұрын 401 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістанның ыстық аймақтарының бірі тері өнеркәсібін жолға қою әрі туризмді дамыту мақсатында қолтырауын фермаларын ашуға кірісіп кетті. Бұл жайында islam.kz порталы  The Nation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жакобабад маңындағы Бхамбхор фермасында іске қосылған бұл жоба өз кезегінде елдің ауыл шаруашылығын және коммерциялық кәсіпорындарды әртараптандырудағы елеулі қадам ретінде бағаланып отыр. Жергілікті жер қожайынына тиесілі аймақ осынау жыртқыштың өсіп-өркендеуіне барлық жағынан қолайлы: батпақты әрі тоған-арыққа толы. Қазіргі уақытта фермада шетелден алдырылған ондаған қолтырауын бар. Десе де бір көбейіп алса, қолтырауынның пайдасы шаш-етектен. Ферма иесінің айтуынша, ұзындығы екі метрден асатын қолтырауынның бір тоннаға жуық салмақта жетілуі үшін шамамен бес жыл қажет. Қолтырауынның терісі әлемдік нарықта жоғары бағаланады, сәнді былғары бұйымдарын жасау үшін пайдаланылады. Аталмыш жоба бірер жылдан соң Пәкістан экономикасына елеулі үлес қосатын ірі өнеркәсіпке айналуы тиіс. Егер бұл жоба сәтті жүзеге асырылса, бүкіл ел аумағында қолтырауын фермаларын ашуды жоспарлап отыр.

0 пікір
Мұрағат