Жапония қос мақсатта пайдалануға болатын технологияны экспорттау ережесін қатайтады
|

Күншығыс елі геосаяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты, дәлірегі, әскери мақсатта пайдаланылу қаупі бар, яғни, екі түрлі мақсатта қолданылуы мүмкін өнімдер экспортына қатысты ережені қатаңдатады. Бұл жайында islam.kz порталы Nippon.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Арал мемлекеттің экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігі экспорттық бақылауды валюталық реттеу және сыртқы сауда туралы заңнамаға сәйкес технологиялардың жылдам дамуына байланысты әскери мақсаттарға қайта бейімделуі мүмкін өнімдерге қатысты күшейтетінін мәлімдеді. Мұндай ереже ең алдымен станоктар сияқты жалпы мақсаттағы өнімдерге қатысты, егер ол кәдімгі қару-жарақты әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін деген елеулі қауіптер болса, мұндай өнімдердің экспорттталатыны туралы алдын ала хабарлау міндетті болады. Бұдан басқа, шет елдерге экспортқа рұқсат алу қажет тауарлар тізіміне жартылай өткізгіштерді өндіруге арналған құрал-жабдықты қоса алғанда өнімнің 21 түрі қосылатын болады.
Авторлық құқығы The Jiji Press, Ltd дерек көзіне тиесілі




