Оңтүстік кореялықтар мұсылмандарға қалай-қалай күледі?!... (фото)
Оңтүстік кореялықтар мұсылмандарға қалай-қалай күледі?!... (фото)
7 жыл бұрын 7791 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Кореяда түсірілген кинофильм асыл дініміздің үкімдерін және мұсылмандардың өмір сүру салтын бұрмалап көрсеткені үшін сының астында қалды. Бұл жайында NextShark ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, "Өмір сүру үшін өлген адам" деп аталатын фильм-сымақта кейіпкердің саяхаты бейнеленген. Ол ойдан шығарылған Будуантия королдігіне тап болады. Алайда, ондағы көріністер түгелдей дерлік араб елдеріне ұқсас болып шыққан. Кино кейіпкері королдің қабылдауына тап болып, монарх оған ханшайымға үйленуге әмір етеді. Бас кейіпкер кей эпизодта шарап ішіп шалқыса, тағы бір кадрде мұсылман әйелдер никаб пен бикиниді (шомылатын кезде киетін киім) бір мезгілде қатар киіп алған. Әлеуметтік желі пайдаланушылары аталмыш картинаға байкот жариялап жатыр. 

0 пікір
Мұрағат