|
Он мыңдаған исландық сириялық босқындарды паналатады
|
Есімі елге белгілі исланд жазушысы Бриндис Бёргвинсдоуттир (Bryndis Bjorgvinsdottir) Facebook әлеуметтік желісінде сириялық босқындар үшін арнайы науқан ұйымдастырды. Нақтырақ айтқанда, ол ел билігінің азааттық соғыстан бас сауғалаған сириялық босқындарды қабылдауда белгілі бір шектеу енгізгендіктен әлгіндей қадамға барған еді. Оның науқанына қосылған, яғни, бастамасына қолдау білдірген он мыңдаған исландық тұрғын сириялық босқындарды үйлерінде тұрғызуға келісімдерін берді. Исландияның әл-ауқат министрі Эйгло Хардардоуттир мәлімдгендей, ел билігі жазушының бастамасынан үлгі алып, сириялық босқындарға квотаны көбейту мәселесін қарастыратынына уәде берді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Әзірбайжан мешіттерінің жартысы имамсыз жұмыс істеп жатыр
■
Сауд Арабиясы қажылық пен ұмра бойынша оңтайлы шешім қабылдауға көмектесетін жүйені іске қосады