|
Өлім жазасы азайып келеді
|
Өткен - 2018 жылы әлем бойынша өлім жазасы оның алдындағы 2017 жылмен салыстырғанда 31%-ға кеміген. Бұл жайында Amnesty International құқық қорғау ұйымының есебінде айтылған. Аталмыш ұйымның есебінде келтірілген дерекке қарағанда, 2018 жылы әлем бойынша 690 өлім жазасының үкімі орындалған екен. Ал бұл көрсеткіш 2017 жылы - 993. Құқық қорғаушылар өлім жазасы жиі қолданылатын Иранның өзінде бқл көрсеткіштің азайғанын алға тартып отыр. Сондай-ақ, Иракта да, Пәкістанда да, Сомалиде де өлім жазасы азайған. Десе де Жапония, Белоррусия, АҚШ және Оңтүстік Корея елдерінде өлім жазасы көбейгенін көлденең тартып, дабыл қағып отыр. Amnesty International есебінде Қытайдағы өлім жазасы туралы бір ауыз сөз, яғни, мәлімет жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)