|
Әлемдегі шөлейттенуге қарсы күресте ең белсенді аймақ
|
Қытайдың солтүстігінде орын тепкен Ішкі Моңғолия әлем бойынша шөлейттенуге қарсы ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқан аймақ ретінде танылды. Биыл аталмыш аймақта 860 мыңнан аса гектар жерге ағаш отырғызылады. Бұл жайында қытайлардың Синьхуа ақпарат агенттігі хабар таратты. Соңғы жылдары аталмыш аймақ билігі жыл сайын 666,7 гектардан аса жерге ағаш отырғызып келеді. Бұдан бөлек, бил 2 млн шектардан аса жерге шөп егіледі. Осылайша шөлді жасыл желекке айналдырмақ. Қазірдің өзінде Ішкі Моңғолиядағы орман алқабы 26 млн гектардан аса жерді алып жатыр. 1981 жылдан бері аталмыш аймақта 1,7 млрд-тан аса ағаш отырғызылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)