Неміс түрмесінде жергілікті тұрғындардан гөрі шетелдіктердің қарасы көп. Олардың дені - мұсылмандар...
Неміс түрмесінде жергілікті тұрғындардан гөрі шетелдіктердің қарасы көп. Олардың дені - мұсылмандар...
5 жыл бұрын 2712 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Германия абақтысына жабылған шетелдіктердің қарасы ең жоғары деңгейге жеткен. Бұл жайында аталмыш елдің әділет министрлігі мәлім етті. Берлин мен Гамбург қалаларындағы түрмелерде жазасын өтеушілердің 50%-дан көбі, яғни, жартысынан көбісі өзге елдің азаматтары. Тұтқындар арасында мұсылмандар қарасы көп. Rheinische Post ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, неміс түрмелеріндегі шетелдіктердің қарасы 2015 жылы Африка құрлығынан, Азия елдерінен және Таяу Шығыс аймағынан босқындар ағылып келгеннен соң күрт артып кеткен. Сол жылы Германия 1 млн-нан аса босқынды қабылдаған. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, 2016 жылдан бері батыс федералды жерлерде шетелдік тұтқындар қарасы: Гамбургте 55%-дан 61%-ға артқан. Берлинде 43%-дан 51%-ға, ал Баден-Вюртембергте 44%-дан 48%-ға, Бременде 35%-дан 41%-ға, Солтүстік Рейн-Вестфалиде 33%-дан 36%-ға, Шлезвиг-Гольштейнде 28%-дан 34%-ға, Төменгі Саксонияда 29%-дан 33%-ға, Рейнланд-Пфальцте 26%-дан 30%-ға, т.б. артқан. Бір ғана Бавариядағы түрмелерде шетелдіктер қарасы 2012 жылдан бері 31%-дан 45%-ға көбейген. Қысқасы, Германия аумағындағы барлық түзету мекемелерінде шетелдіктер қарасы жергілікті тұтқындар санынан асып кеткен. Неміс түрмелерінде қазіргі уақытта әлемнің 66 елінің азаматтары жазасын өтеп жатыр. Неміс абақтысына жабылған мұсылмандар қарасы 65 мыңдай адам. Шамамен неміс түрмесіндегі тұтқындардың 20 пайызын құрап отыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Германия аумағында тұрып жатқан мұсылмандар қарасы 6 млн-ға тарта адам. Яғни, 82 млн адамды құрайтын Германия халқының жалпы санына шаққанда 7%-ға жеткен. Бір ғана Бремендегі мұсылман тұтқындар қарасы 29%, Гамбургте 28%, Гессенде 27%, Баден-Вюртембергте 26%, Солтүстік Рейн-Вестфалиде 21%, Берлинде 20%, Баварияда 18%. Неміс түрмесінде жазасын өтеп жатқан мұсылман тұтқындардың арасында радикалдар да жоқ емес. Шамамен 300-ге тарта адам. Олар өзге тұтқындардан оқшауланған. Германия түрмелерінде экстремизмнің одан ары таралуына жол бермесі үшін 114түрме имамы жұмыс істеген. Десе де олардың саны көп кеміп қалған - 25-ке дейін. Өйткені, имамдардың дені Түркия азаматтары болып шыққан - 97 имам. Яғни, оларға Түркия жалақы тағайындап төлеп келген. Германия Түркияның ықпалына жол бермесі үшін түрік имамдарын жұмыстан шығарған. Сондай-ақ, шетелдіктер тұтқындардың күрт көбеюіне байланысты түрме қызметкерлері тапшы. Осыған байланысты Германия билігі жуырда "Рождестволық рақымшылық" жариялап, 500 адам бостындыққа шыққан. Rheinische Post жариялаған ішкі сот есебіне қарағанда, неміс түрме қызметкерлері 2018 жылы 500 мың сағаттан артық жұмыс уақытынан тыс жұмыс істеуге мәжбүр болған. Түрме қызметкерінің тапшылығынан. Неміс түрмелері кем дегенде 500 қызметкерге зәру. Жалақының жоғары болуы мен көптеген жеңілдіктерге қарамастан түрме қызметкері болуға талпыныс білдірушілер жоқтың қасы десе де болады. Бұдан бөлек, неміс түрмелерінің көбісі апаттық жағдайда тұр. Тозған. Мәселен, Мюнстердегі түрме ғимаратының құлау қаупі жоғары болғандықтан 500 тұтқын өзге түрмеге көшірілген. Ал Berliner Morgenpost ақпарат көзі түрме қызметкерлері мен шетелдіктер арасында қақтығыс жиі орын алатынын хабарлапты. Тіл білмеуден. GG/BO (Gefangenen-Gewerkschaft/Bundesweite Organization) тұтқындар одағы аудармашыларды жалдауға шықырып отыр. Түрме әкімшілігін. Шетелдік тұтқындарға нұсқау мен бұйрықті олардың тілінде беруі үшін. Бірқатар неміс түрмелерінде аудармашылар бар, алайда, оларды жалдау ақысы тым жоғары. Бұл жағдай онсыз да шығыны көбейіп кеткен түрме бюджетіне артық салмақсалып отыр. 

0 пікір
Мұрағат