Не жазды бұ жандар?
Не жазды бұ жандар?
10 жыл бұрын 2803 Бучра Бахда

Соңғы уақытта батыс елдерінде шариғат шәлісін жамылған әйелдерді елдің көзінше, көшенің қақ ортасында, тапа тал түсте қорлап кету, оларға тіл тигізу, ар-намысын табанға таптау секілді келеңсіз оқиғалар жиілеп кетті. Мәселен, АҚШ-тың Индиана штатына қарасты Эйвон қаласының Бучра Бахда есімді 42 жастағы тұрғыны жергілікті Walmart сауда орнында жәбір көрген. Тарқатып айтқанда, ол аталмыш сауда орнынан шыққаннан кейін тағы да сатып алатын заттары барын есіне түсіп кері оралады. Алайда, есік аузында тұрған еңгезердей жас жігіт оны ішке кіргізбегенімен қоймай, иығынан бір салған. Келіншекке қол көтерген жігіт сол заматта табанын жалтыратып, тайып тұрады. Алайда, бейне бақылау таспасына түсіп қалған. Полиция қылмыскерді іздестіріп жатыр.

Мұндай келеңсіздіктің бас-аяғы мұнымен ғана шектеліп қалмайды. Жуырда ішімдікке сылқия тойып алған бельгиялық әлдебір шенеунік өзінен жол көрсетіп жіберуін сұраған катарлық ханшайымға Бельгияда шариғат шәлісін жамылып жүруге рұқсат берілмегенін алға тартып, оның басындағы орамалын жұлып алған болатын. Онымен қоймай, жүзін жасырған адаммен тілдеспейтінін айтып, сырғасын да қоса жұлып алып, ханшайымды жарақаттап кеткен еді. 

0 пікір
Мұрағат