|
Нанды ең көп тұтынатын ел
|
Қасиетті Мекке шаһарынан 18 шақырым қашық жатқан әл-Жумум провинциясында құны 219 миллион долларға түскен ұн кәсіпорны ашылды. Оның элеваторы 250 000 тонна астық сыйдыра алады. Аталмыш кәсіпорынның ашылу салтанатына қатысқан ауыл шаруашылық министрі Әбдірахман әл-Фаһли әлем бойынша жан басына шаққанда ұн өнімдерін ең көп тұтынатын ел Сауд Арабиясы екенін жайып салды. Оның сөзіне қарағанда, бұл ел жылына 2,9 миллион тонна ұн тартады. Бұл кәсіпорын тәулігіне 1.200 тонна ұн тартатын болады. Элеватордың ұн сыйымдылығы 3600 тоннаны құрамақ. Айта кетейік, осы уақытқа дейін ұн өнімдерін ең көп тұтынатын ел Түркия болатын. Содан кейінгі орында Сербия тұрған еді. Ал үшінші орынға Болгария жайғасқан болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды