Мұсылмандарға мұсылман емес елдер алдымен қол созды
Мұсылмандарға мұсылман емес елдер алдымен қол созды
9 жыл бұрын 2803

АҚШ билігі Бенгал шығанағындағы гуманитарлық дағдарысты еңсеруге атсалысатын болады. Яғни, Мьянмадағы және Бангладештегі буддашыл радикалдардың зорлық-зомбылығынан бас сауғалаған, азшылықты құрайтын рохиньялық мұсылман босқындарға қолұшын созатын болады. «Біз алдымен аймақты авиацияның көмегімен әуеден шолып шығамыз және жергілікті билікпен осы мәселені шешу үшін жұмыс істейміз», - деп мәлімдеді Пентагонның баспасөз хатшысы Джеффри Пул.

 

Тайланд билігі де рохиньялық босқын мұсылмандарға қолұшын созады

Тайланд билігі де рохиньялық босқын мұсылмандарға қолұшын созатынын мәлімдеді. Бұл жайында Тайланд қорғаныс министрі әрі ел премьерінің орынбасары, генерал Правит Вонгсуван мәлім етті. Оның айтуынша, рохиньялық мұсылман босқындарды қабылдаудан бас тартпайды, яғни, теңізге айдап салмайды. Оларға дәрі-дәрмек, азық-түлік беріледі. Алайда, бұл ел өз аумағында олар үшін босқындар лагерін ашпайтынын да ескертті.

0 пікір
Мұрағат