Мұсылмандарға атом бомбасын тастау керек дегенге саятын пікір білдірді
Мұсылмандарға атом бомбасын тастау керек дегенге саятын пікір білдірді
9 жыл бұрын 4037

АҚШ-тың Техас штатының ауыл шаруашылық департаментінің басшысы Сид Миллер мұсылмандарға атом бомбасын тастау керек дегенге саятын пікір жазып, демалыс күні  Facebook әлеуметтік желісінде орналастырған болатын.  Алайда, оның  анық арандатуға бастайтын бұл жазбасы дүйсенбіде аталған әлеуметтік желіден алынып тасталды. Десе де, ол бұл жазбасы үшін исі мұсылманнан кешірім сұраған жоқ. Бұл жазбасын атом бомбасының жарылған сәті бейнеленген фото-суретпен қоса беріпті. «Жапония 1945 жылдың тамыз айының 9-ы күнінен (Күншығыс елінің Нагасаки қаласына атом бомбасы тасталған күні) бері бізбен бейбіт өмір сүріп келеді. Осылайша мұсылман әлемімен мәмілеге келетін уақыт келді». АҚШ-тың республикалық партиясына мүше оның бұл пікірі саяси қарсыластары тарапынан қатаң сынға ұшырады. Бұл жайында Associated Press ақпарат көзі хабар таратты. Демократиялық партияның Техастағы бөлімшесі оның бұл мәлімдемесін «Республикашыл Сид Миллердің аузынан шыққан бұл сөзі барып тұрған жексұрындық әрі көңілге қонбайды»,- деп бағалады. - Өкінішке қарай, мұндай нәсілшілдік кемсітушілікке толы ксенофобиялық мәлімдемелер республикалықтардың мансабын өсіруге көп көмектеседі,- деді демократтар. Айта кетейік, АҚШ-тағы мұсылмандар ең көп шоғырланған штат – осы Техас штаты: 422 мың адам. Аталмыш штат мұсылмандары кешірім сұрауды талап еткенімен Тодд Смит олардың талабын орындаудан бас тартты. 

0 пікір
Мұрағат