|
Мұсылман жастарының 2018 жылғы астанасы қай қала?
|
Құдыс - 2018 жылы мұсылман жастарының астанасы болып бекітілді. Аталмыш келісімге Ислам конференциясының диалогы мен ынтымақтастығының жастар форумының жетекшісі Елшад Исгандар мен палестиналық футбол қауымдастығының президенті Жибрил Рәжуб қол қойды. "Біздің басты мақсат - қасиетті қалаға жастарды тарту. Құдыстың ислами бірегейлігін қолдау",- деді Жибрил Исгандар. Мұсылман жастарының астанасы болып жариялануына орай Құдыс шаһарында бірнеше іс-шаралар өткізіледі. Оған 400 мыңға тарта қала тұрғындары атсалысады. Осылайша, израилдік басқыншылардың екпінін басу үшін Құдысқа мұсылмандарды көптеп тарту қарастырылып жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
1985 жылдан бері Азияның бір елінде жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы дүниеге келген балалардың саны 1 миллионнан асты
■
Қазақстанда алғашқы цифрлы банк құрылуы мүмкін
■
Аса қажеті жоқ бұйымдарды сатып алудан (көрсеқызарлықтан) тыятын қолданба пайда болды
■
Екі саусақ санына жетпейтін жылдарда мұсылмандар қарасы христиандар санынан асып түседі
■
Бионикалық қолды сүйекке және жүйке жүйесіне жалғады