Мұсылман елінде туристерге жалаңаш жүруге тыйым салынды
Мұсылман елінде туристерге жалаңаш жүруге тыйым салынды
3 жыл бұрын 1802 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығындағы Танзанияның Занзибар аралына тынығуға келген туристердің жағажайда жалаңаштанып жүруі жергілікті мұсылман халықтың наразылығын тудырды. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Турист тарту үшін олардың көңіл хошын табу керек дейтін жаңсақ немесе жалған түсінікке тойтарыс беру мақсатында жергілікті жағажайда я болмаса аталған аралда жалаңаштанып жүруге тыйым салынды. Жергілікті билік тарапынан. Әр елдің салты басқа – бөгде елдің заңын сыйлау, шаңыраққа қарау дейтін адамзатқа тән ортақ ұстанымды алға шығарды. Десе де бұл тыйым Танзания аумағында 2015 жылдан бері салынғанымен соңғы жылдары аталған елге туристердің қаптап келуінен аталмыш тыйым елеусіз қалған болатын. Ендігі жерде турист әйелдер тізеден жоғары белдемше, иығын, көкірегін бүркемелемейтін киім кимеуі тиіс, кіндігін жауып жүруі керек. Ал ер адамдарға денесін жалаңаштап жүруге тыйым салынды. Әлбетте, мұндай тыйымды бұзғандарды бірден бас салып, жазаламайды, алдымен ескерту жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Егер ескертуге де құлақ аспаса, тыйымды бұзған туристке 700-ден бастап 5000 долларға дейін айыппұл салады. Тіпті, айыппұл салғанға да айылын жимағандарды абақтыға жабады. Міне, осылай – біреудің үйіне аяқ киіммен кірмейсің ғой, ендеше, жергілікті халықтың салты мен заңын құрметтеуіңіз керек.

0 пікір
Мұрағат