Сақина секілді шағын құрылғы адам денесінің жылуын биобатареяға айналдырады (видео)
Сақина секілді шағын құрылғы адам денесінің жылуын биобатареяға айналдырады (видео)
3 жыл бұрын 2055 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Science Advances мерзімді басылымының кезекті санында Колорадо Боулдер университетінің (UCB) ғалымдары жасаған, адам денесінің жылуын биобатареяға айналдыратын сақина іспетті шағын құрылғы сипатталыпты. Бұл жайында islam.kz порталы мәлім етеді. Адам денесіне жанасқанда аталған құрылғы термоэлектрлі генератор көмегімен жылуды электрге айналдырады. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Цзяньлян Сяоның айтуынша, сырттан қуат көзін қажет етпейтін әрі қолға тағып жүруге қолайлы электроника электронды сағатты, т.б. қуаттауға арналған. UCB ғалымдарының бұл құрылғысы терінің әрбір шаршы сантиметрінен шамамен 1 вольт электр өндіреді. Яғни, осының өзі электронды сағат, фиттнес-трекер, т.б. құрылғыларды қуаттауға жетіп жатыр. Осынау биоаккумулятор негізінен эластикалық материалдан, дәлірегі, полииминнен жасалған. Аталған материалдың негізін өзара сұйық металды өткізгіштермен байланысқан бірнеше аса жұқа термоэлектрлі чиптер құрайды.

0 пікір
Мұрағат