|
Мұсылман елі кемеге қарсы зымыранын сынақтан сәтті өткізді
|
Пәкістанның әскери теңіз күштері кемеге қарсы жаңа зымыранын сынақтан сәтті өткізді. Бұл жайында The Economic Times ақпарат көзі хабар таратты. Ұзақ қашықтыққа ұшатын, Harbah деген атау берілген жаңа қару нысанағы дәл тиген әрі шартты қарсыласты істен шығарған. Бұл сынаққа Пәкістанның әскери теңіз күштері штабының басшысы, адмирал Кхан Нашан Бин Саддик қатысты. Айта кету керек, өткен жылдың қаңтар айының 24-і күні Пәкістан Ababeel жаңа баллистикалық зымыранын да сынақтан сәтті өткізген еді. Ababeel-дің максималды радиусы 2 мың 200 шақырымды қамтиды. Аталған зымыранның өздігінен бөлінетін басы бар - бірнеше оқтұмсықпен жабдықталған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды