|
Мұсылман елі астанасында тұңғыш рет құрбан шалуға рұқсат берілді
|
Тәжікстан астанасы - Душанбе қаласының билігі биыл тұңғыш рет құрбан шалуға рұқсат берді. Нақтырақ айтқанда, Душанбе қаласын ел президенті Эмомали Рахмонның ұлы басқарады. Яғни, аталмыш қаланың аумағында биылдан бастап, құрбан шалуға рұқсат. Осы уақытқа дейін аталған қалада құрбан шалуға түбегейлі тыйым салынған болатын. Қала билігі тарапынан. Душанбеде құрбан шалуға арнайы орындар бөлініп отыр: «Ёвар-11» және «Ангара» жабық акционерлік қоғамдарының қасапханаларында, сондай-ақ, қалалық ветеринария орталығында. Бұрынғы КСРО елдері арасындағы мұсылман салт-дәстүріне қырындау қарайтын елдің мұндай қадамға баруын жергілікті мұсылмандар жақсылыққа балап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды