|
Мүфти тұрғындарды қарапайым киінуге шақырды
|
Малайзияның Перак штатының мүфтиі Харуссани Закария ел тұрғындарын қасиетті Рамазан айында мұсылмандардың оразасының бұзылуына себепші болмай, барынша қарапайым киінуге, яғни, қоғамдық орындарда ашық-шашық жүрмеуге, әурет жерлерін жауып жүруге шақырды. Адамның әурет жерлерін ашып жүруіне асыл дінімізде тыйым салынғанын еске салған ол мемлекеттік мекемелерге де ашық-шашық киінгендерді кіргізуге тыйым салынғанын жеткізді. Нақтырақ айтқанда, ел тұрғындары мектеп, емхана, билік органдары, сот, халыққа қызмет көрсету орталықтары секілді мемлекеттік мекемелерге шорты мен қысқа белдемшемен кіруге жуырда тыйым салынған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды