Миды кеміретін амебадан бақиға аттанды
Миды кеміретін амебадан бақиға аттанды
9 жыл бұрын 3524

Фоулер неглерінен, яғни, миды кеміретін амебадан АҚШ-тың Техас штатына қарасты Хьюстон қаласында 14 жастағы спортшы бозбала қайтыс болды. Бұл жайында CNN ақпарат көзі хабар таратты. Жасөспірімдер арасындағы олимпиадаға үш мәрте қатысқан желаяқ Майкл Джон Райли-кіші (Michael John Riley Jr.) тамыз айының 13-і күні Хьюстондағы Сэм атындағы саябақта өз командасымен жаттығуға қатысып, артынан суға шомылған. Ол адам өміріне аса қауіпті паразит жұқтырып алған. Алдымен басы қатты ауырған, содан соң денсаулығы күрт нашарлап, аталған паразитті жұқтырғаннан кейін 17 күннен кейін дүниеден озды. Айта кетейік, паразиттің бұл түрі Цельсия бойынша 25-30 градус температурада су қоймаларында тіршілік етеді. Кейде тазартылмаған, яғни, суы ауыстырылмаған жүзу бассейндерінде де кездеседі. Фоулер неглері адамның ағзасына мұрын қуысы арқылы еніп, оның миы мен жүйке жүйесін зақымдайды. Мұндай паразитті жұқтырған адамның алдымен басы ауырып, ыстығы көтеріледі. Артынан көзіне түрлі нәрсе елестеп, сырқаттың мінезіне әсер етеді. Мұндай параизтті жұқтыру өте сирек кездесетінді. Статистика бойынша соңғы 53 жылда АҚШ-та 133 адам осындай паразит жұқтырған. Олардың тек үшеуі ғана аман қалған болатын.

0 пікір
Мұрағат