Мешіт – талқыға салатын тақырып емес
Мешіт – талқыға салатын тақырып емес
10 жыл бұрын 2869 Салман Тамими

Исландияның мұсылман жамағатының жетекшісі Салман Тамими ел аумағында мешіттің салынуына қалай қарайсыз деген мәселені қамтыған әлеуметтік сауалнаманың жүргізілгеніне қынжылыс білдірді. Оның айтуынша, мұндай сауалнама жүргізу немесе референдум өткізу ақылға сыймайтын, көңілге қонбайтын ессіздік болып табылады. Оның үстіне, ғибадат ғимараттарын тұрғызуға конституцияда кепілдік берілген. Бұрын да бұл елде мешіт тақырыбы талқыға түсіп, референдум өткізілмек болғанын айта кету керек. Сонымен сауалнама нәтижесі қандай болды? Market and Media Research ұйымы жүргізген сауалнама нәтижесіне қарағанда, исландықтардың 42,4 пайызы мұсылмандардың құлшылық үйінің салынуына үзілді-кесілді қарсылық білдірген. Тек 29,7 пайызы ғана мақұлдаған. Салман Тамимидің сөзіне қарағанда, мешіттің салынуына негізінен жасы келген егде тұрғындар қарсылық білдірген көрінеді. Ал жастар жағынан ондай қарсылық байқалмаған.

0 пікір
Мұрағат