Малайзия қызтекелердің кесірінен БҰҰ құрамынан шығуы мүмкін
Малайзия қызтекелердің кесірінен БҰҰ құрамынан шығуы мүмкін
9 жыл бұрын 3204

Малайзия билігі адам құқығының сақталуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына уәде етіп отыр. Алайда, адам құқығын тек шариғат талаптары аясында қорғауға уәде етуде. Осыған байланысты Human Rights Watch халықаралық ұйымы бұл елге Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамынан кетуге ұсыныс тастады. Малайзия премьер-министрі Нәжіп Рәзақ «қатерлі» батыс құндылықтарына бас ұрмайтынын, яғни, сексуалды азшылықтың құқығы үшін жауап бермейтіндерін жеткізді. «Тіпті, біз адам құқығын халықаралық деңгейде сақтай алмасақ та біз олардың құқығын ислами контексте сақтауға тиіспіз», - деп мәлімдеді ол Бангиде өткен халықаралық семинар кезінде. «Ең дұрысы, Малайзияның БҰҰ құрамынан шығуы деп білемін. Олар бұған дайын», - деді Human Rights Watch ұйымының Азиядағы бөлімшесінің директорының орынбасары Фила Робертсон. 

0 пікір
Мұрағат