|
Лотореяға тыйым салынуы мүмкін
|
Түркияның дін істері жөніндегі басқарманың мұрындық болуымен аталған ел аумағында Milli Piyango лоторея билеттерін саудалауға қатысты тыйым салынуы мүмкін. Әдетте аталған елде Жаңа жыл қарсаңында лоторея билеттері ойнатылады. Түркия діни басқармасының жасаған мәлімдемесінде айтылғандай, лайықты болмаса да біреу жеңіп, біреу жеңіліс табатын барлық құмар ойын мұсылмандарға жат әдет. Оның үстіне, құмар ойыннан келетін шығынды айтпаған күннің өзінде бұл жат әдет талай шаңырақтың ортасына түсуіне, яғни, отбасы шырқының бұзылуына, талай баланың жетім, талай әйелдің жесір қалуына апарып соқтырады. Яғни, қоғамды іштен ірітетін жат әдетке тыйым салынуы мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Африкадағы дағдарыстың ең басты себебі айтылды
■
Кездейсоқ ашылған жаңалық: суықтау микробтарға байланысты болмай шықты
■
Қырғызстанда мәйітті рұқсатсыз жерлегендер мен эксгумация жасағандарға жаза күшейтілмек