Лазерлік зеңбіректің мүмкіндігі қандай?
Лазерлік зеңбіректің мүмкіндігі қандай?
9 жыл бұрын 3791

Америкалық Lockheed Martin корпорациясы әскери мақсатқа арналған лазерді сынақтан өткізді. Бұл жайында Techaeris ақпарат көзі хабар таратты. Athena (Advanced Test High Energy Asset) құрылғысы шамамен екі шақырым қашықтықтан автокөлік капотын күйдіріп тесіп жіберген. Лазерлік зеңбіректің қуатты құрайды. Аталмыш корпорацияның технология жөніндегі бас директоры Кеоки Джексонның сөзіне қарағанда мұндай зеңбірек ұшақтар мен тікұшақтарға, кемелерге, жүк көліктеріне орнатылады. Әскер мамандар лазерлік қарудың майдан даласында қолданылатын негізгі қарулырадың біріне айналады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Парсы шығанағында АҚШ осындай қару түрін сынақтан өткізген болатын. Сынақ барысында адам көзіне шалына бермейтін лазер боранды, тұманды ауа-райына қарай түрлі көлемдегі құрлықтық және әуедегі нысандарды жермен-жексен еткен. Қазіргі уақытта америкалықтар одан да қуатты – 100 және 150 киловаттық лазерлік құрылғысын жасауда.

1 пікір
Мұрағат