|
Коменданттық сағаттың енгізілуіне байланысты тарауық намазы оқылмайтын болды
|
Кенияның Ламу аумағында сомалилік «Аш-Шабаб» тобы содырларының шабуылынан кейін коменданттық сағаттың енгізілуіне байланысты жергілікті мұсылмандар тарауық намазын оқудан қалды. Нақтырақ айтқанда, аталған топтың шабуылынан 7 адам қаза тапты. Олардың төртеуі полиция қызметкері. Коменданттық сағат кешкі 6:30-дан таңғы 6:30-ға дейін енгізілген болатын. «Бас инспектор қасиетті Рамазан айында мұсылмандардың діни жоралғыларын ескеруі керек»,- деді күйіне тіл қатқан Кениядағы мұсылмандардың жоғарғы кеңесінің төрағасы Әбдіғафур әл-Бусайди.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түркия жұмыс іздеген шетелдіктер үшін ресми сайт ашады
■
Әлемде алғаш рет жасанды зердемен жабдықталған сұйық робот әзірленді (видео)
■
Тағы бір ел жұмыс іздеген шетелдіктер үшін мемлекеттік портал ашты
■
Индонезия сукук аукционында 673 млн доллар тартты. Нарық үшін маңызы қандай?
■
Визаның жааңа түрі пайда болды